Абай аудандық мешітінің ұстазы Нуризат Көкебайқызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты арасында құрылған «Хауа» кітап клубының кезекті отырысы өтті.
Бұл жолғы кездесуде Нұрсұлтан Русмағанбетұлы ұстаздың «Олар Пайғамбарымызды осылай сүйген» атты кітабы талқыланды. Жиын барысында Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік, Оның өнегелі өмірі мен көркем мінезі жайында тағылымды уағыз-насихат айтылды.
Клуб қатысушылары кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Кездесу соңында жамағатқа дастархан жайылып, кітап оқудың маңызы мен ілім алудың артықшылықтары жөнінде насихат айтылды.
Осындай рухани кездесулер жамағаттың білімін арттырып, кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы