Center Image
IHSAN.KZ
«ӘЛ-МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ ПАЙҒАМБАРҒА ﷺ АРНАЛҒАН ӨЛЕҢДЕРДІ ЖАТҚА ОҚУ САЙЫСЫ ӨТТІ
«ӘЛ-МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ ПАЙҒАМБАРҒА ﷺ АРНАЛҒАН ӨЛЕҢДЕРДІ ЖАТҚА ОҚУ САЙЫСЫ ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде әйелдер жамағаты арасында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ арналған өлеңдерді жатқа оқу сайысы ұйымдастырылды.

Рухани шараның басты мақсаты – әйелдер жамағатының Пайғамбарымызға ﷺ деген сүйіспеншілігін арттыру, көркем мінез бен ізгі қасиеттерді дәріптеу, сондай-ақ діни-әдеби мұраға деген қызығушылықты ояту.

Сайысқа арнайы шақырылған әділқазылар алқасының құрамында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Бакирова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махаббат Бейбутовна және «Қажыбай қажы» мен «Әл-Машани» мешіттерінің ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызы болды.

Байқау барысында қатысушылар Пайғамбарымызға ﷺ арналған жүрек тебірентер жырларды жатқа әрі мәнерлеп оқып, Алла Елшісіне деген шынайы сүйіспеншіліктері мен құрметтерін өлең жолдары арқылы жеткізді.

Әділқазылар қатысушылардың өлеңді жатқа білуіне, мәнерлеп оқу шеберлігіне және сахна мәдениетіне назар аударды.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

 І орын – Әбілда Алуа – 50 000 теңге;

 ІІ орын – Жанұзақова Шұға – 30 000 теңге;

 ІІІ орын – Ақмарал Ләззатқызы – 20 000 теңге.

Сонымен қатар, барлық қатысушыларға белсенділіктері мен ізгі ниеттері үшін арнайы марапаттар мен сыйлықтар табысталды.

Тағылымды шара әйелдер жамағатының рухани бірлігін нығайтып, Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірі мен көркем мінезін кеңінен насихаттауға ықпал етті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz