Center Image
IHSAN.KZ
«ИСА МОЛЛА» МЕШІТІНДЕ ЖАСТАР РУХАНИЯТЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
«ИСА МОЛЛА» МЕШІТІНДЕ ЖАСТАР РУХАНИЯТЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Шет ауданына қаратсы Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінде әйелдер жамағатына арналған «Жастар және қоғам» және «Жастар – руханият шамшырағы» тақырыптарында рухани-танымдық семинар өтті.

Семинардың басты мақсаты – жастардың қоғамдағы рөлін айқындау, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың бойына имандылық пен ізгілік қасиеттерін сіңіру.

Шара барысында жастардың тәрбиесі, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігі, ұлттық және рухани құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы кеңінен талқыланды.

Жастар – елдің ертеңі, ұлттың болашағы, қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жас ұрпақтың алған білімі мен бойына сіңірген тәрбиесі ертеңгі қоғамның келбетін қалыптастыратыны атап өтілді.

Семинар аясында қатысушылар арасында өзара пікір алмасу ұйымдастырылып, жастар тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Тағылымды кездесу әйелдер жамағатының рухани танымын кеңейтіп, ұрпақ тәрбиесіне деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz