Center Image
IHSAN.KZ
«ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН МЕШІТАРАЛЫҚ ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
«ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН МЕШІТАРАЛЫҚ ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында футболдан сайыс өтті.

Спорттық шараның басты мақсаты – мешіт жамағаттары арасындағы бауырмалдық пен ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылықты арттыру.

Аталған жарысқа Қарағанды облысының қала және аудан мешіттерінен 12 команда қатысты.

Атап айтқанда:

  1. Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешіті;
  2. Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешіті;
  3. Ростовка кентіндегі «Балкен ана» мешіті;
  4. Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті;
  5. Сұрыптау кентіндегі «Ақыт қажы» мешіті;
  6. Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті;
  7. Саран қалалық мешіті;
  8. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті;
  9. Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің екінші командасы;
  10. Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешіті;
  11. Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешіті;
  12. Сұрыптау кентіндегі «Қамзе» мешіті.

Тартысты өткен футбол бәсекесінде командалар жоғары дайындықтарын көрсетіп, өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын – Саран қалалық мешіті;

ІІ орын – Сұрыптау кентіндегі «Ақыт қажы» мешіті;

ІІІ орын – Ростовка кентіндегі «Балкен ана» мешіті.

Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше шеберлігімен көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

«Үздік қақпашы» – «Ақыт қажы» мешітінің қақпашысы;

«Үздік шабуылшы» – «Балкен ана» мешітінің ойыншысы;

«Үздік қорғаушы» – «Әлихан Бөкейхан» мешітінің ойыншысы.

Аталған спорттық шара мешіт жамағаттарының өзара байланысын арттырып, достық пен бауырмалдықты нығайтуға мүмкіндік берді. Жарыс соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектестік білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz