“Дархан Дала” жобасы аясында Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінің ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық сапар жасады.
Рухани-танымдық шараға ұстаз Арай Серғалиқызы бастаған әйел шәкірттер қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – әйел-қыздардың тарихи танымын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, халқымыздың бай мәдени мұрасы мен тарихын таныстыру.
Сапар барысында қатысушылар музей экспозицияларымен танысып, өңір тарихына қатысты құнды жәдігерлерді тамашалады. Сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті мен тарихи мұралары жөнінде мағлұмат алды.
Тағылымды шара әйелдер жамағатының тарихи-мәдени танымын арттырып, ұлттық мұраға деген құрметін нығайтуға ықпал етті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы