Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Жастар және қоғам» тақырыбында уағыз-насихат дастарханы ұйымдастырылды.
Рухани кездесуде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы жиналған жамағатқа жастардың қоғамдағы орны, рухани тәрбиенің маңызы және ұлттық құндылықтарды сақтау жөнінде тағылымды насихат айтты.
Уағыз барысында жастардың бойына имандылық, адамгершілік, жауапкершілік пен ізгілік қасиеттерін сіңірудің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ жас ұрпақты білімге, еңбекқорлыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу мәселелері қозғалды.
Ұстаз Арай Серғалиқызы жастар – елдің ертеңі, ұлттың болашағы екенін атап өтіп, олардың рухани және адамгершілік тұрғыдан қалыптасуында отбасы мен қоғамның рөлі ерекше екеніне тоқталды.
Кездесу барысында әйелдер жамағаты өзара пікір алмасып, жастар тәрбиесіне қатысты көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Тағылымды шара жамағаттың рухани танымын кеңейтіп, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыруға және қоғамдағы ізгі құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы