Center Image
IHSAN.KZ
«ЖАҚЫП АҚБАЙ» МЕШІТІНДЕ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ӨҢІРЛІК ЖАРЫС ӨТТІ
«ЖАҚЫП АҚБАЙ» МЕШІТІНДЕ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ӨҢІРЛІК ЖАРЫС ӨТТІ

Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде мешіт жастары арасында үстел теннисінен өңірлік жарыс ұйымдастырылды.

Спорттық шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мешіт жамағаттары арасындағы достық пен бауырмалдықты нығайту, сондай-ақ жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Жарыс барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, шеберліктері мен ептіліктерін көрсетті. Тартысты өткен сайыс жастардың басын қосып, өзара тәжірибе алмасуына және достық қарым-қатынастарын нығайтуына мүмкіндік берді.

Аталған спорттық шара жастарды бірлікке, ұйымшылдыққа және салауатты өмір салтын ұстануға үндеп, мешіт жастары арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz