Center Image
IHSAN.KZ
«ЖАҚЫП АҚБАЙ» МЕШІТІНДЕ СЕНБІЛІК УАҒЫЗ-НАСИХАТ ДАСТАРХАНЫ ӨТТІ
«ЖАҚЫП АҚБАЙ» МЕШІТІНДЕ СЕНБІЛІК УАҒЫЗ-НАСИХАТ ДАСТАРХАНЫ ӨТТІ

Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде жамағаттың қатысуымен дәстүрлі сенбілік уағыз-насихат дастарханы ұйымдастырылды.

Рухани басқосудың басты мақсаты – мешіт жамағаты арасындағы бауырмалдық пен ынтымақтастықты нығайту, діни сауаттылықты арттыру және ислам дінінің асыл құндылықтарын насихаттау.

Кездесу барысында жамағатқа имандылық, көркем мінез, өзара сыйластық, бірлік пен татулықтың маңыздылығы жөнінде тағылымды насихат айтылды. Сондай-ақ мұсылманның күнделікті өмірінде ізгі амалдарды көбейтіп, адамгершілік қасиеттерді берік ұстануының маңыздылығы түсіндірілді.

Дастархан басында жиналған жамағат өзара пікір алмасып, рухани әңгіме өрбітті.

Осындай игі басқосулар жамағат арасындағы достық пен бауырмалдықты арттырып, мешіттің рухани тәрбие орталығы ретіндегі маңызын нығайтуға ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz