Center Image
IHSAN.KZ
«ӘЛ МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ «ЖАСТАР – РУХАНИЯТ ШАМШЫРАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ
«ӘЛ МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ «ЖАСТАР – РУХАНИЯТ ШАМШЫРАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ
Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде Дүниежүзілік жастар күніне орай «Жастар руханият – шамшырағы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Аталған іс-шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен, мешіттің «Жастар ісі» секторы және Келдібек Қуатбекұлының ұйымдастыруымен мешіт жастары арасында өткізілді.

Тағылымды басқосуға «Олжас Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық мекемесінің шәкірттері қатысты.

Семинар-тренингтің құрметті қонақтары ретінде Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің бас имамы Сайлау Мусин Жұмағұлы және айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов қатысты.

Кездесу барысында қонақтар жастарға рухани тәрбие, ұлттық құндылықтар, имандылық, діни сауаттылық пен адамгершілік жайында тағылымды ойларын ортаға салды. Сонымен қатар жастардың қоғамдағы орны мен руханиятты дамытудағы жауапкершілігі сөз болды.

Жастар – елдің ертеңі, үміттің шамшырағы,
Руханият – жүректердің нұрлы бұлағы.
Иманменен өрілген әрбір қадам,
Жарқын болсын жас ұрпақтың болашағы!

Іс-шара барысында мешіт жастары өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сауалдарын қойып, қонақтардан тұшымды жауаптар алды.

Тағылымы мол семинар-тренинг жастарға рухани серпіліс сыйлап, білімге, ізгілікке және имандылыққа деген құлшыныстарын арттырды.

Осындай игі бастамалар жас буынның бойында рухани құндылықтарды қалыптастырып, саналы да тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған.

Руханияты биік ұрпақ – ұлт болашағының жарқын кепілі!

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz