Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен өткен мешітаралық үстел теннисі жарысына «Әл-Машани» мешіті жанындағы «Олжас Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық мекемесінің шәкірттері қатысты.
Спорттық шараның басты мақсаты – мешіт жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және өзара достық пен бауырмалдықты нығайту.
Жарыс барысында шәкірттер өздерінің спорттық қабілеттері мен шеберліктерін көрсетіп, ептілік, жылдамдық және жеңіске деген жігерлерін танытты.
Сонымен қатар, аталған сайыс жастардың өзара тәжірибе алмасуына, достық қарым-қатынастарын нығайтуына және бос уақыттарын тиімді өткізуіне мүмкіндік берді.
Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, ұйымшылдық пен бірлікке тәрбиеленуіне және салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді.
Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған «Төлеутай ата» мешітінің ұжымына алғыс білдіреміз!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы