Center Image
IHSAN.KZ
ТЕМІРТАУДА «ОЙ МЕН ОҚИҒА» КІТАП КЛУБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КІТАБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ТЕМІРТАУДА «ОЙ МЕН ОҚИҒА» КІТАП КЛУБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КІТАБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Теміртау қаласында «Ой мен оқиға» кітап клубының алғашқы оқылымына таңдалған француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» шығармасы бойынша қорытынды кездесу ұйымдастырылды.

Рухани-танымдық басқосуды ұстаздар Амина Бақытжанқызы, Муслима Абдрайымқызы және Мадина Ташкенбайқызы ұйымдастырып, жүргізді.

Кездесудің басты мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдеби шығармалар арқылы рухани құндылықтарды дәріптеу және өзара пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру.

Шара барысында клуб мүшелері шығарманың негізгі идеясы мен тәрбиелік мәніне тоқталып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талқылады. Сондай-ақ адамгершілік, достық, мейірімділік, жауапкершілік және шынайы құндылықтар жөнінде ой бөлісті.

Кездесу соңында қатысушылар «Кішкентай ханзада» шығармасының сахналық қойылымын тамашалап, әдеби туындыны өнер арқылы жаңаша қырынан таныды.

Аталған шара оқырмандардың рухани танымын кеңейтіп, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz