Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мешітінің ұстазы Еркеназ Шалқарқызының ұйымдастыруымен «Мұхтасар әл-Қудури» кітабы негізінде «Фиқһ додасы» атты діни-танымдық сайыс өтті.
Сайыстың басты мақсаты – шәкірттердің діни білімін жетілдіру, фиқһ іліміне деген қызығушылығын арттыру және шариғат үкімдерін дұрыс меңгеруге ынталандыру.
Білім сайысы барысында қатысушылар «Мұхтасар әл-Қудури» еңбегіндегі тазалық, намаз және қажылық баптары бойынша өзара бақ сынасып, алған білімдерін ортаға салды.
Атап айтқанда, дәрет алу, ғұсыл құйыну, намаздың шарттары мен парыздары, қажылық құлшылығының тәртіптері мен шариғи үкімдеріне қатысты мәселелер қамтылды.
Сайыс шәкірттердің білімін шыңдап қана қоймай, діни сауаттылығын арттыруға, алған білімдерін күнделікті өмірде дұрыс қолдануға және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы