Center Image
IHSAN.KZ
«МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ» МЕШІТІНДЕ «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
«МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ» МЕШІТІНДЕ «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінде жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылды.

Кездесу барысында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы жамағатқа құжаттың негізгі мазмұны мен маңыздылығын түсіндіріп, арнайы насихат айтты.

Атап айтқанда, құдайы ас беру барысында ысырапшылдыққа жол бермеу, дастархан мәзірін қарапайым әрі шариғат талаптарына сай ұйымдастыру, ұлттық салт-дәстүр мен діни құндылықтарды үйлестіру мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ марқұмды еске алу кезінде аста-төк дастархан жаюдан гөрі, дұға жасап, Құран бағыштау, қайырымдылық пен ізгі амалдарға мән берудің маңыздылығы түсіндірілді.

Бақдәулет Қыдырбайұлы ас беру мәдениетін қалыптастыруда қарапайымдылықты сақтау, қоғамда ысырапшылдықтың алдын алу және халық арасында дұрыс түсінік қалыптастыру қажеттігін атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz