Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы мешіт ұжымына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің «Ислам және адал қоғам» атты еңбегін таныстырды.
Кездесу барысында имам кітаптың мазмұны мен негізгі мақсатына тоқталып, адалдық, әділдік, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарының Ислам дініндегі маңызын түсіндірді.
Сондай-ақ еңбекте көтерілген тақырыптардың қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыруға, рухани тәрбие мен ізгілік құндылықтарын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Жиын соңында мешіт қызметкерлерін аталған еңбекті оқып, ондағы тағылымды ойларды күнделікті қызмет барысында және жамағат арасында кеңінен насихаттауға шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы