Center Image
IHSAN.KZ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНІҢ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫ «БАУЫР» ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНІҢ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫ «БАУЫР» ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ

«Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен және Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Бакирова ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына арналған мәдени шара өтті.

Шара аясында жамағат «Бауыр» комедиялық драмасын тамашалады. Мәдени шараның басты мақсаты – шынайы достық, бауырмалдық, мейірімділік және адамгершілік құндылықтарын насихаттау, әйел-қыздар жамағатының рухани-мәдени танымын кеңейту.

Туындыда адам бойындағы ізгі қасиеттер, өзара сыйластық пен жанашырлықтың маңызы көрініс тапқан. Сондай-ақ физикалық шектеулер адамның рухани мықтылығына кедергі бола алмайтыны көрсетіліп, көрермендерге терең ой салды.

Аталған мәдени шара жамағат арасындағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz