Center Image
IHSAN.KZ
Бұқар Жырау ауданының жастары қазақ күресінен додаға түсті
Бұқар Жырау ауданының жастары қазақ күресінен додаға түсті

Күрес Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті.

Қарағанды облысына қарасты Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жастары арасында қазақша күрестен сайыс өтті.

Аудан имамы Рүстем Мұратұлының мұрындық болуымен өткен спорттық сайыстың мақсаты - мешіт жамағаты арасындағы ауызбіршілікті нығайту және саламатты өмір салтына баулу.

Сайыс соңында жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz