Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлы қаладағы «Раяна» мейрамханасының әкімшілігіне «Ас беру мәдениеті» құжатын таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде құдайы ас ұйымдастырудағы әдеп пен жауапкершілік мәселелері сөз болды. Ас беру барысында дастарханды шамадан тыс мол жайып, артық шығынға жол бермеу, отбасының мүмкіндігін ескеру және рәсімнің рухани мәнін сақтау қажеттігі айтылды.
Әбілхайыр Кәсенұлы ас беру мәдениетін орнықтыруда қоғамдық тамақтану орындарының да үлесі бар екенін атап өтті. Осы орайда мейрамхана қызметін ұйымдастыру кезінде қарапайымдылық пен үнемділік қағидаларын ескерудің маңызы түсіндірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы