Теміртау қалалық орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде мәйітті шариғат талаптарына сай жуындыру және кебіндеу рәсімдеріне арналған тәжірибелік дәріс ұйымдастырылды.
Дәріс барысында мәйітті ақтық сапарға дайындаудың діни тәртіптері, жуындыру мен кебіндеудің негізгі қағидалары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушыларға рәсімдердің орындалу тәртібі тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Тағылымды шараның басты мақсаты – жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, жаназа рәсімдеріне қатысты шариғи білімді кеңінен насихаттау және марқұмды ақтық сапарға шығарып салу әдебін үйрету.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы