Center Image
IHSAN.KZ
Ислам және отбасы құндылығы жайлы әлеуметтік орталықта насихат жүргізілді
Ислам және отбасы құндылығы жайлы әлеуметтік орталықта насихат жүргізілді

Қарағанды имамы балаларға арналған орталықта насихат жүргізді

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы Жарылқап Нұрлыбек Қарағанды облыстық балаларға арналған арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығының ұжымына түсіндірме-насихат жұмысын жүргізді.


Аталған іс-шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында өтіп, «Исламдағы бала тәрбиесі» тақырыбы қамтылды.


Насихат барысында исламдағы бала тәрбиесінің негізгі қағидаттары – мейірім, әділдік, жауапкершілік және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) балаға деген мейірімді қарым-қатынасы мен өнегелі тәлім-тәрбиелік үлгілері айтылды.


Бұл игі бастама балалардың тәрбиесін күшейтуге, қоғамдағы отбасы құндылықтарын насихаттауға және қатысушылардың рухани танымын арттыруға ықпал етті.


Іс-шара соңында мекеме ұжымы имамға алғысын білдіріп, мұндай рухани кездесулердің тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz