Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Машани» мешітінде рухани бейсенбілік отырыс жалғасты
«Әл-Машани» мешітінде рухани бейсенбілік отырыс жалғасты

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде жамағатқа арналып дастархан жайылып, дәстүрлі «Рухани бейсенбілік» отырысы жалғасын тапты.

Рухани басқосу барысында жамағатпен бірге дастархан басында сұхбаттасып, имандылық пен ізгілік, мұсылманның көркем мінезі және діни білімнің маңызы жөнінде тағылымды ойлар ортаға салынды.

Кездесу барысында мешіттің наиб имамы Ысқақ Рахымбекұлы жамағатқа имам әл-Бұхаридің «Сахих» хадистер жинағынан дәріс жүргізді. Дәріс барысында Пайғамбарымыздың ﷺ хадистеріндегі ғибратты мән-мағына түсіндіріліп, мұсылман баласының күнделікті өмірінде ұстануы тиіс көркем әдеп пен ізгі амалдарға кеңінен тоқталды.

Жамағат тарапынан дәріске қызығушылық танытылып, өздерін толғандырған сауалдар қойылып, діни тұрғыда жауаптар берілді.

Айта кетейік, мұндай рухани отырыстардың мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттырып, мешіт пен жамағат арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ қасиетті дініміздің құндылықтарын насихаттау.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz