Қарағанды қалалық “Әл Машани” мешітінде «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен мешіт жастары арасында «Адал ас, адал еңбек, адал қоғам – рухани байлықтың негізі» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Мешіт наиб имамы Келдібек Қуатбекұлының ұйымдастыруымен өткен кездесудің негізгі мақсаты – жастарды адал еңбекке, кәсіби дамуға, жауапкершілікке және қоғамға пайдалы азамат болуға бағыттау.
Жиын барысында адал ризықтың маңызы, маңдай термен келген еңбектің қадірі, кәсіпке деген жауапкершілік және қоғамдағы адалдық құндылықтары жөнінде тағылымды ойлар айтылды.
Адал ас – берекенің бастауы.
Адал еңбек – абыройдың негізі.
Адал қоғам – әр адамның адалдығынан құрылады.
Жастарға рухани тәрбие беріп, олардың өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталған мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы