Абай ауданына қарасты Топар кентіндегі «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Мурсали Қаленұлы Абай көпсалалы колледжінің студенттерімен «Нашақорлықтың зияны мен салдары» тақырыбында рухани-танымдық кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және өскелең ұрпақты адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеу.
Шара барысында имам нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ ислам дініндегі адам өмірі мен денсаулығының құндылығына тоқталып, жастарды жат әдеттерден аулақ болуға, уақытты тиімді пайдаланып, білім мен ғылымға ұмтылуға шақырды.
Кездесу соңында студенттерге дұрыс орта таңдау, зиянды әдеттерден сақтану және саналы өмір салтын қалыптастыру жөнінде пайдалы кеңестер берілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы