Center Image
IHSAN.KZ
«НҰР» МЕШІТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
«НҰР» МЕШІТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен аймақтағы мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан жарыс өтті.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жамағаттың өзара бауырмалдығын нығайту және дәстүрлі футбол лигасын ұйымдастыруға негіз қалау мақсатында өткен сайысқа алты мешіттің командасы қатысты. Атап айтқанда, Шахтинск қалалық «Нұр», Абай, Саран, Долинка, Сәрепті және Қарабас мешіттерінің жамағаттары бақ сынады.

Тартысты ойындар нәтижесінде Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің командасы жүлделі І орынды жеңіп алды. ІІ орынға Қарабас мешітінің командасы, ІІІ орынға Абай мешітінің командасы ие болды.

Жарыс қорытындысында жүлдегерлер марапатталып, қатысқан командаларға алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ шеберлігімен ерекшеленген ойыншыларға «Үздік сұрмерген», «Үздік қақпашы» және «Үздік қорғаушы» номинациялары берілді.

Спорттық кездесу жамағат арасындағы ынтымақты арттырып, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне және спортқа қызығушылығын оятуға бағытталды.

Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің ұжымы жарыстың өтуіне қолдау көрсетіп, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан барша жанашыр азаматтарға шынайы алғысын білдіреді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz