ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымы» тақырыбында рухани басқосу дастарханы ұйымдастырылды.
Тағылымды шараға мешіт жамағаты мен ақсақалдар қатысып, қазақ халқының рухани мұрасы, діни танымы мен ұлттық құндылықтары төңірегінде келелі әңгіме өрбіді.
Басқосу барысында ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша Қарағанды облысындағы жауапты меңгеруші Бақдәулет Қыдырбайұлы шараның мәні мен маңызына тоқталып, дін мен дәстүр сабақтастығын сақтау, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу және өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беру мәселелерін атап өтті.
Рухани жиында арнайы қонақ ретінде ұстаз, өлкетанушы, тарих ғылымдарының магистрі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қарағанды облысы бойынша ғылыми қызметкері, XIV Open Eurasia (Eurasian Creative Guild, London) 2025/2026 халықаралық конкурсының жеңімпазы Жұмағали Диярұлы Мағзи тағылымды насихат айтты.
Өз сөзінде ол Қожа Ахмет Яссауидің рухани мұрасы мен дүниетанымына кеңінен тоқталып, ұлы ойшылдың адамгершілік, имандылық, ізгілік және рухани кемелдік туралы тағылымды ойларын ортаға салды. Сондай-ақ Яссауи ілімінің қазақ халқының діни дүниетанымы мен рухани мәдениетінің қалыптасуындағы тарихи маңызына назар аударды.
Басқосу барысында қасиетті Құран аяттары оқылып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды.
Рухани шара жамағаттың діни танымын кеңейтіп, ұлттық дәстүр мен ислам құндылықтарының сабақтастығын насихаттауға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы