Center Image
IHSAN.KZ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ БҰҚАР ЖЫРАУ МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ БҰҚАР ЖЫРАУ МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ
ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы  Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.

«Тілек тілеу және кешірім сұрау мұсылманның қорғаны» тақырыбында уағыз айтқан бас имам: «Дұға мен истиғфар – мұсылманның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Адам баласы қандай дәрежеге жетсе де, қандай білім мен байлыққа ие болса да, Алла Тағаланың жәрдемі мен рақымына әрдайым мұқтаж. Сондықтан дұға мен истиғфар үмітті жүрекке ұялататын, жан дүниеге шипа сыйлайтын, пендені Жаратушысына жақындататын құлшылық»,- деді.

Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz