Center Image
IHSAN.KZ
«НҰР» МЕШІТІНДЕ 80 АДАМҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА АСХАНА БӨЛМЕСІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
«НҰР» МЕШІТІНДЕ 80 АДАМҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА АСХАНА БӨЛМЕСІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен мешіт асханасын кеңейту жұмыстары аяқталды. Құрылыс нәтижесінде 80 адамға арналған жаңа бөлме пайдалануға берілді.

Жанашыр жамағаттың қолдауымен жүзеге асқан бұл жұмыс мешіттің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға және асхананың сыйымдылығын арттыруға бағытталды. Жаңа бөлменің ашылуы рухани басқосулар, қайырымдылық шаралары мен ауызашар дастархандарын өткізуге қосымша мүмкіндік туғызды.

Мешіт ұжымы құрылыс жұмыстарына қолдау көрсетіп, игі істің аяқталуына үлес қосқан барша азаматқа шынайы алғысын білдіреді.

Алла Тағала жәрдем берген жандардың ізгі ниеттерін қабыл етіп, отбасыларына амандық, еңбектеріне береке нәсіп етсін!

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz