Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінің аумағына қылқанжапырақты шырша көшеттері отырғызылды.
Игі бастама мешіт аумағын көгалдандыру, қоршаған ортаны көркейту және табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылды.
Аталған шара мешіт айналасының көркін арттырып, жамағат пен ауыл тұрғындары үшін жайлы әрі көрікті орта қалыптастыруға бағытталды.
Ислам дінінде табиғатты қорғау, ағаш отырғызу және қоршаған ортаға қамқорлық жасау сауапты амалдардың бірі саналады.
Осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы