Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«ҚАРАКӨЛ» АУЛЫНДАҒЫ ТАРИХИ КҮН
14 қыркүйек, 2022 жыл 1883 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына қарасты «Қаракөл» ауылында бүгін тарихи күн орын алып,  «Мұхаммед Пайғамбар» мешіті жанынан мұқтаж жандарға арналған көп пәтерлі үйдің іргетасы қаланды.

Шараға аймақ әкімі бастаған ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты және Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің имамдары мен дін қызметкерлері арнайы қатысты. Мешіт маңына қазақы үй тігіліп, қазанда ас қайнады. Қуанышты күнде арқа-жарқа болған жамағат бір жағадан бас, бір жеңнен қол  шығарып игі іске барынша ат салысты. Облысымыздың тарихында ойып тұрып орны қалар тарихи күн тұрғындардың мәңгі есінде қаларсы сөзсіз. Себебі, іргесі қаланып жатқан бүгінгі ғимаратта алдағы уақытта көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, дипломмен ауылға келген жастарға, мұқтаждарға пәтер берілетін болады.

Қайырымдылыққа бастау алған бұл құрылыс жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, тағы бірнеше тұрғын үйлердің бой көтеруі жоспарға енді. Алла Тағала игі іске қолдау көрсеткен барша жомарт жандарға разы болсын демекпіз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
бас мүфти блогы бас мүфти блогы

Күнтізбе

Жоғары